Байқоңыр. 5 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін таңертең Астана уақыты бойынша 04 сағат 18 минут 20 секундта "Байқоңырдан" халықаралық экипаж мінген "Союз ТМА-21" ғарыш кемесі ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ғарышқа ресейлік ғарышкерлер Александр Самокутяев және Андрей Борисенко, сондай-ақ американдық астронавт Рональд Гаран аттанған.
"Ресейғарыштың" баспасөз қызметінен хабарлағандай, жерден аман-есен ұшырылғаннан 9 минуттан кейін кеме есептік орбитаға шықты. Аппарат Халықаралық ғарыш стансасымен 7 сәуірде түйіседі.
Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің ғарышкерлері Александр Самокутяев пен Андрей Борисенко үшін бұл бірінші ғарыш сапары болса, НАСА астрнавты Рональд Гаран ғарышқа екінші рет аттанып отыр.
Ал орбитадағылар Халықаралық ғарыш стансасының 27/28 ұзақмерзімдік экспедицияларының экипажын қарсы алуға қызу дайындалуда. Қазір стансада Дмитрий Кондратьев, Паоло Несполи, Кэтрин Коулман ғарыш вахтасын атқарып жатыр.
12 сәуір - Космонавтика күні, стансадағы барлық алты ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа сапарының 50 жылдығына арналған шараларға қатысып, осынау атаулы күнмен бүкіл әлем халқын құттықтайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2318
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.