Алматы. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - АҚШ-та ең ірі зымыран ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Агенттіктің хабарлауынша, АҚШ-та Жер орбитасын қорғау мақсатымен қолданылатын кезекті жер серігі орнатылған ең ірі зымыран ұшырылды. Биіктігі 70 метрден асатын "Дельта-4" зымыраны Калифорниядағы Ванден-берг әскери-әуе базасының аумағынан ұшырылған.
АҚШ-тың "Бірлескен Ұшыру Альянсы" ұшырылымның сәтті өткенін жариялады. Аталған компания АҚШ-тың ғарыш пен авиация техникасын жасау саласындағы беделді корпорациялары - Локхид Мартин мен Боингтің бірлескен кәсіпорны.
Ал ұшырылған Жер серігі АҚШ-тың Ұлттық Барлау Кеңсесі деп аталатын ұйымға тиесілі. Бұл мекеме АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы мен Қорғаныс Департаментін техника саласындағы қажетті деректермен қамтамасыз етіп отыруға міндетті. Дельта-4 зымыранын Ванден-бергтен ұшыруға 3 жыл дайындық пен 100 миллион доллар жұмсалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2372
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.