Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
2 шілде 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Елордада "Астана кештері" атты III халықаралық өнер фестивалі өтеді13.06.2014
21:51
Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Астанада 20-22 маусымда "Астана кештері" атты III халықаралық өнер фестивалі өтеді. Жоба аясында 5 концерт ұйымдастырылмақ. Онда Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан мен Италия өнерпаздары ән салады.

Айта кету керек, аталмыш жоба қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылуда, коммерциялық бағытта емес, билеттер тегін таратылады.

Шараны ұйымдастырушылар халықты музыка шедеврлерімен таныстыру мақсатын алға қойып отыр.

Сонымен қатар, алдыңғы екі фестивальдің көпшілік көңілінен шыққаны белгілі. Кезекті жоба барынша кеңінен қамтып, оқиғаларға толы болмақ. Оның концерттері екі жерде - Бейбітшілік пен Келісім сарайында және "Астана Опера" театры залында өтпек.

Шара Дариға Назарбаеваның бастамасымен және соның жетекшілігімен өтпек.
Просмотров: 860

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.