Алматы. 25 маусым. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен ШҚО білім беру басқармасының бастамасымен құрылған "Мектеп топтарымен алмасу" жобасы енгізілді.
ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, жобаның мақсаты облыстың тарихи және көрнекті орындары мен ірі кәсіпкерліктерін аралау үшін жазғы уақытта облыс ішінде балалар тобымен алмасу болып табылады.
Жобаның қатысушылары Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен Күршім, Қатон-Қарағай және Шемонаиха аудандары мектептерінің оқушылары болып табылады.
Жоба аясында осы аптада 14 баладан тұратын екі топ сапарға шығады. Олар Семей қаласы, Қатон-Қарағай және Шемонаиха аудандарының балалары.
Оқушылар шара бағдарламасы бойынша облыстың айтулы орындары мен тарихи және мәдени орындарын аралап, өңірдегі ірі кәсіпкерліктердің жұмысымен танысады. Сонымен қатар, осы аптада облыс орталығының өзге де аудандары балалары Семей қаласына ат басын тіремек.
Просмотров: 1521
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.