Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
2 шілде 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Ақтөбеде 111 жылдық тарихы бар орталық мешіт күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды20.06.2014
20:23
Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Ақтөбе қаласындағы 111 жылдық тарихы бар қалалық орталық мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жалпы бұл мешіттің іргетасы 1903 жылы қаланған болатын. Араға 111 жыл салып аталмыш мешіт күрделі жөндеуден өтіп, 8 есеге үлкейтіліп отыр, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Қазірде жалпы мешіт аумағының көлемі 4528 шаршы метр, күмбез биіктігі 28 метр, мешіттің көлемі 1255 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 3 қабаттан тұрады, құлшылық ету залдарының сыйымдылығы 2800 адамға арналған.

Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасының орынбасары Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Маямер Ержан Малғажыұлы, Ақтөбе қаласының әкімі Омаров Ерхан Болатжанұлы, облыстық атқарушы органдар басшылары және қала тұрғындары қатысты.
Просмотров: 659

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.