Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
2 тамыз 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
АҚШ-тың "Сириосити" аппараты Марсқа сәтті қонды07.08.2012
16:21
Астана. 7-тамыз. Kazakhstan Today - АҚШ-тың "Сириосити" аппараты Марсқа сәтті қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

Арнайы құрылғы екі жыл бойы қызыл ғаламшардың серіктерін іздеумен айналысып, енді Марста өмір сүру жағдайларын зерттеуге кіріспек.

Аппараттың бұл ғаламшарға сәтті қонуының өзі күмән тудырған болатын. Себебі таңдалған жерде алып кратер орналасыпты. Дегенмен іс сәтті аяқталып, алдағы уақытта негізгі жұмысқа кірісетін болады. Сириосити 8 ай ішінде 560 млн шақырымды артта қалдырған екен. Енді 2 жылдың ішінде ол айналасындағы 5 шақырым жерді зерттеп, маңызды ақпаратты жіберіп отырмақ. Құрылғыда орналасқан бейнекамералар аппараттың дөңгелектері мен оның айналасындағы таста жер қыртысын бейнелеген. НАСА-ның бұл жолғы қадамы адамзаттың ғарышты бағындырудағы ең батыл әрекеттердің бірі болып отыр. Жалпы бұл жобаға 2 жарым млрд доллар жұмсалған екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 4956

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Оқылғандар