Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
4 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

В.Путин, А.Лукашенко және Н.Назарбаев ықпалдастық мәселелерін талқылайды17.12.2012
12:08
Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - В.Путин, А.Лукашенко және Н.Назарбаев ықпалдастық мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

19 желтоқсанда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің отырысы, сондай-ақ Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді, оған Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин қатысады.

Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәскеуге осы бірлестіктер қатысушы-елдерінің басшылары - Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжікстан Республикасының президенттері келеді.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының барысында тараптар халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды, ұйымның мүше-мемлекеттерінің өзара іс-қимылы мәселелерін: ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және төтенше жағдайларға шұғыл ұжымдық әрекет ету шараларын, сондай-ақ орта мерзімді кезеңдегі ҰҚШҰ дамуы мәселелерін талқылайды. Сессия қорытындысымен бірқатар құжаттарға қол қойылады.

ЕурАзЭҚ саммитінде бірлестікті одан әрі қайта құру және оның қызметін Ресей, Беларус және Қазақстанның Кедендік одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістігі ауқымындағы жаңа жағдайға бейімдеу, сондай-ақ қоғамдастық органдарын қаржыландыру мәселелеріне баса көңіл бөлінеді.

Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жоғарғы органы - Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестік отырысы ауқымында В.В.Путин, А.Г.Лукашенко және Н.?.Назарбаев 2015 жылдың басына қарай Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға бағытталған үш мемлекеттің ықпалдастық өзара іс-қимылын дамыту және тереңдету мәселелерін талқылайды, сондай-ақ бірқатар бірлескен құжаттарға қол қояды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 176

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.