Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
4 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

Мәскеуде ҰҚКҰ отырысы өтеді19.12.2012
    10:03
    Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәскеуде ЕурАзЭҚ пен ҰҚКҰ отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

    Бүгін түс ауа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуге келді.

    Онда Президент ертең өтетін Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесінің және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарт ұйымының отырыстарына қатысады. Бірі ТМД аумағынағы экономикалық интеграцияны, ал екіншісі аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қос бірлестік жұмысына белсенді араласа білу - Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарының бірі.

    "Осыдан он екі жыл бұрын Еуразиялық Экономикалық қауымдастығы дүниеге келді. Бүгінде ТМД аясындағы ықпалды экономикалық ұйымға айналған бірлестік жұмысын табысты жалғастырып келеді. Қазір оған біздің елден бөлек Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан мүше болса, Армения, Молдова және Украина әзірге бақылаушы мәртебесіне ие. Қауымдастыққа мүше мемлекет басшылары бұл жолы әдеттегдей Кремльде қайта бас қоспақ", деп хабарлайды Хабар агенттігінің тілшісі Жігер Сәрсенов.

    Қуатты интеграцияның күре тамыры - Еуразиялық экономикалық қауымдастық жыл өткен сайын маңызын дәлелдеп келеді. Мәселен осыдан екі жыл бұрын пайда болған Кедендік одақ, биылдан бастау алған Бірыңғай экономикалық кеңістік Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы "алтын көпірге" айналып үлгерді. Ал жалпы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер бүгінде ТМД аумағының 94 пайызын, ішкі жалпы өнімінің 88 пайызын алып жатыр. Бұл әлемдік жалпы ішкі өнімнің 3,5 пайызы деген сөз. Демек тиімді пайдалана білсе, мүше елдердің бірлестіктен алары әлі алда.

    Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында осы уақытқа дейін жиыны 150-ге жуық құжат қабылданыпты. Ұйымға мүше мемлекет басшылары жылына кемінде екі рет бас қосып келеді. Бұл жолғы Мәскеу отырысы қауымдастық жұмысының алдағы бағыт-бағдарын айқындамақ. ЕурАзЭҚ отырысының ізінше Мәскеуде алты ел басшысының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім шарт ұйымының жиыны өтеді. Түпкі мақсаты аймақтық қауіпсіздікті діттеген құрылым биыл өзінің 20 жылдығын атап өткені белгілі. Соған сәйкес, уақыт ағымына қарай альянстың өзектілігі де өздігінен даралана түссе керек-ті.

    Қос отырыстың да қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюы жоспарланған. Жұмыс сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путинмен екеуара кездесу өткізбек.

    Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
    Просмотров: 213

    При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.