Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
4 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

Қазақстан премьер-министрі Өзбекстанның президентімен кездесті24.12.2012
09:51
Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов Өзбекстанның Президенті Ислам Каримовпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынасты бекіте түсу перспективасы туралы пікір алмасты.

"Біз Өзбекстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға зор мән береміз. Осыған байланысты Сіздерге біздің мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан ?бішұлы Назарбаевтың сәлемін жеткіземін. Біз Сіздің ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындысын жоғары бағалаймыз. Қазақстан Үкіметі екі ел Президенттерінің қол жеткізген келісімдерін іске асыруға кірісіп кетті", -деді С. Ахметов.

Біздің елмен тарихи қалыптасқан байланыстарды атай отырып, И. Кәрімов "Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас ерекше маңызға ие". "Бәрінен бұрын Нұрсұлтан ?бішұлымен арамызда сенімді және достық қатынас қалыптасты", -деді Өзбекстан Президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 244

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.