Алматы. 29-шілде. Kazakhstan Today - Алматы ауа райының үш күнге болжамы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Бүгін Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын жаумайды, ауа температурасы +32... +34 градусты көрсетеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
30 шілде Алматыда жауын-шашынсыз, ала бұлтты болады. Сынап бағаналары күндіз +33... +35, түнде +22... +24 градусты көрсетеді.
31 шілде күні ауа райы өзгерісіз болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +34... +36, ал түнде +22... +24 градусқа дейін көтеріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 135
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.