Қостанай. 17-маусым. Kazakhstan Today - Қостанайда қоспа жем шығаратын зауыт пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
"Вадиса М" компаниясы биыл тамыз-қыркүйек айларында Қостанайда қоспа жем шығаратын зауытты пайдалануға беруді көздеп отыр, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан.
Жобаның құны 307 млн 592 мың 365 теңге, оны салу үшін компания өз қаражатын жұмсамақ және қарыз алмақ.
"Вадиса М" 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Компания ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 26423
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.