Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандағы ең танымал интернет сайттар аталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Қазақстандағы интернет трафигінің 80 пайызы сыртқы ресурстарға тәуелді. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCa-2013" IV Орталық Азиялық форумда айтылды.
"Ұлттық ғылыми контентпен салыстыратын болсақ, Қазақстанда интернет трафигінің 80 пайызы сыртқы ресурстарға тәуелді. Тек 20 пайызы ғана Kz доменімен жасалған. Бұл ақпарат отандық контентті дамытуға түрткі болуға тиіс. Қазір интернеттегі ең танымал сайттар: nur.kz, koleso.kz, zakon.kz болып отыр", - дейді Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев. Оның айтуынша, отандық контентті дамыту бағытында қор өз тарапынан онлайн медиаға байқау өткізіп келе жатыр. Бұл шара енді биыл да өз жалғасын таппақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 21624
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.