Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
2 тамыз 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
2013 жылдың маусым айына Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық Кеңесінің отырысы белгіленген12.04.2013
14:25
Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық Кеңесінің отырысы ағымдағы жылдың маусымында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдрысов Қырғыз Республикасының сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан ?бділдаевпен кездесу барысында мәлім етті.

"Осы жылдың маусым айында Қазақстан мен Қырғызстан арасында үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді, оған біздің Премьер-Министр қатысады. Оған дейін біздің екіжақты комиссияның отырысы өтеді", - деді Е.Ыдрысов.

Министр атап өткендей, бүгінгі кездесуде екі жақ республикалардың өңірлік және жаһандық жоспардағы көп жақты ынтымақтастығын талқылады.

"Алда Қырғыз Республикасының президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Осы жылы Қазақстанда Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді. Өздеріңіз де білесіздер, осы жылы ұлы жазушы Шыңғыс Айтыматовтың 85-жылдығы атап өтіледі, бұл біздің қарым-қатынасымыздың әр алуандығын көрсетеді және Қазақстан мен Қырғызстан әрқашан бір-бірінің жанында болады", - деп аяқтады өз сөзін Е.Ыдрысов

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1771

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Оқылғандар