Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - 13-15 наурызда Хельсинкиде Қазақстан-Финляндия бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай ?бибуллаев мәлім етті.
"13-15 наурыз күндері Хельсинки қаласында, Финляндияда, кезекті Қазақстан-финдік бизнес форум өтеді. Оның жұмысына ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қапаров, құзырлы министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және еліміздің іскер топтарының өкілдері қатысады деп жоспарланған", - деді А.?бибуллаев.
Сондай-ақ, ресми өкіл 2009 жылдың наурыз айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға мемлекеттік сапары орын алғанын және өткен жылы Қазақстан Хельсинки қаласында өзінің елшілігін ашқанын еске сала кетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1617
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.