Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
13 ақпан 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Астанада қосымша мәдени мекемелер мен әлеуметтік институттар ашу керек - Ә.Өміршина24.01.2014
20:38
Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгінде Астанада насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен айналысатын жақсы алаңдар мен әлеуметтік институттарды ашу қажет, деп "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалды кешенінде "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" деген тақырыппен өткен дөңгелек үстелде Тәуелсіздік сарайының жетекшісі Әсел Өміршина мәлім етті.

"Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында және бұған дейінгі құжаттарда мәдениет саласын талай рет көтерді. Менің ойымша бүгін шешуге болатын мәселені, ертеңгі күннің еншісіне қалдырудың қажеті жоқ. Бүгінде қордаланған мәселе өте көп. Рас, жаңа Жолдауда мәдениет саласына үлкен көңіл бөлінген және онда айтылған сөздер мен үшін қымбат", - деді Әсел Өміршина.

Маманның айтуынша, бүгінде Астанада насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен айналысатын жақсы алаңдар мен әлеуметтік институттарды ашу керек. Оның ішінде саяси-мәдени насихаттық жұмыспен ғана емес, халыққа рухани дүниелерді паш ететін мәдени мекемелерді көп болғаны абзал.

"Басты мақсат осы саланы жоғары деңгейге көтеру және халық бірден қабылдауы үшін технологиялық көрмелер ұйымдастыру қажет. Алайда, қанымызға сіңген ұлттық және дәстүрлі құндылықтарымызды ұмытпағанымыз жөн", - деді сөз соңында мәдениет саласының қызметкері.
Просмотров: 2864

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Оқылғандар