Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
13 ақпан 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Алматыда "Астана Опера" театрының тарихынан сыр шертетін көрме жұмыс істеуде04.02.2014
19:51
Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. "Астана Опера" театрының труппасы Оңтүстік астана қонақтары мен тұрғындарына мазмұнды гастрольдік бағдарламасын паш етіп қана қоймай, жас театр алматылықтарды Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының екінші қабатында орналасқан жаңа театрдың қалай дүниеге келгені жайлы сыр шертетін фотокөрмесімен таң қалдырмақ, деп хабарлайды теартдың баспасөз қызметі.

Көрмеде әрқайсысы төрт фотодан тұратын 12 стенд орналасқан, онда "Астана Опера" МОБТ тарихының алғашқы беттері баяндалады. Постердегі ақпарат пен суреттер "Астана Опера" сахнасында қойылған алғашқы қойылымдар: қазақ операсының маржаны Мұқан Төлебаевтің "Бiржан-Сара", заманымыздың көрнекті қоюшы хореографы Ю. Григорович қойған П. И. Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару" балеті, итальяндық Пьер Луиджи Пицци қойған "Аттила" операсымен ашылған театрдың Әлемдік тұсаукесері жайлы айтып береді. Жарқыраған "Роден" және "Ромео мен Джульетта" балеттерінің суреттері көрерменді декорациясы мен костюмдерінің әдемілігімен қайран қалдырады.

"Астана Операның" үлкен залы театрдың жалғыз мақтанышы емес, 1 қазанда, Музыка күнінде Дариға Назарбаева камералық музыка концерттерін және халықаралық конференция өткізуге арналған Камералық залды ашты. Бүгінде өз бетінше толыққанды жұмыс жасап жатқан кіші залда "Классиканың жаңа жасы", "Хор музыкасының кеші", "Петя және қасқыр", "Ұлы есімдер: Й. Гайдн және В. Моцарт", "Жаңажылдық серпантин", "Татьяна күні" және басқа көптеген фотолардан тамашалай аласыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалаған алғаш тас, жас та болса амбициясы зор театр тарихының, интерьері мен экстерьерінің ерекше кадрларын "Астана Опера" атты көрмесінен тамашалай аласыз.

Келген әрбір адам жақсы да жағымды әсерге бөленіп, фото стендтердің жанында фотоға түсіп, "Астана Операның" тұсауы кесілетін қойылымдарын тамашалай отырып жас театр тарихының бір бөлігі бола алады.

Көрме небәрі бір апта, ақпанның 3 мен 10 аралығында жүреді.
Просмотров: 1426

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Оқылғандар