Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
2 тамыз 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Қазақстан Үкіметі шілде айында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат бағдарламасын қабылдайды01.07.2014
20:49
Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Үкіметі шілде айында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат бағдарламасын қабылдайды, бұл туралы ОКҚ брифингінде экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Тарифтік саясатқа жаңа бағыттар енгізу мақсатында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат бойынша бағдарлама әзірленді. Кеше жоба Үкіметке енгізілді, шілде айында ол қабылданатын болады", - деді Е. Досаев.

Е. Досаев атап өткендей, бағдарлама монополистердің қызметін реттеуді тиімді қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ, тауар нарықтарын дамыту мақсатында реттеу қызметі бойынша шаралар кешенінің жоспары бекітілді.

Ведомство басшысы атап өткендей, Президент тапсырмасы бойынша көлеңкелі экономикамен күрес бойынша 2014-2015 жылдарға арналған шаралар жоспары анықталды.
Просмотров: 160

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Оқылғандар