Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 мамыр 2015
  • 10
  • :
  • 33
17:00

13 мыӊнан астам отбасы 1,3 млрд. теӊге соманыӊ жәрдемақысын алды12.03.2015
Экономика  10:46
Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - 2014 жылы табысы кедейлік шегі мөлшерінен аспайтын 13 186 отбасы (56,1 мыӊ адам) 1,3 млрд. теӊге сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР Заӊына сәйкес жәрдемақыны қосқандағы жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегі мөлшерінен (күнкөріс деӊгейі мөлшерініӊ 40%) аспайтын отбасыларға табысы есепке алына отырып, отбасыныӊ әрбір мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

2015 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша жәрдемақыныӊ орташа мөлшері айына 1970,7 теӊгені құрады.
Просмотров: 910

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.