Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
3 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

"Самұрық-Қазына" қоры төрағасы Қазақстан Велоспорт Федерациясының президенті болып сайланды19.11.2009
12:03
Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Велоспорт федерациясының жиынында "Самұрық-Қазына" қоры төрағасы Қайрат Келімбетов бірауыздан Федерация президенті болып сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Федерацияның атқару комитетінің жаңа құрамы да сайланды. Оның құрамына Қордың басқарма мүшесі-басқарушы директор Қайрат ?йтекенов кірді.

Қайрат Келімбетов өз қызметіне кірісіп тұрып, мемлекеттің соңғы уақытта әлемдік деңгейде мықты жетістіктерге қол жеткізіп жүрген велоспортты әрі қарай да қолдай беретінін айтты.

"Сіздердің спорттағы жетістіктеріңіз Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін көтеру үшін аса маңызды. Велосипедист-спортшылар алдарына өте үлкен міндет қойып отыр, біз де соған сәйкес болуымыз керек",- деді Қ.Келімбетов.

Федерацияның вице-президенті, соңғы уақытта президент міндетін атқарып келген Николай Проскурин жиналғандарға соңғы жыл ішінде жасалынған жұмыс барысымен таныстырды: елде бірнеше велоспорт мектептері ашылып, Астанада велотрек құрылысы аяқталып жатыр, жасөспірімдер арасындағы құраманың спортшылары Олимпиада ойындарына бірнеше жолдаманы жеңіп алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2345

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.