Бүгін қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Терешкова Гуанчжоуда өтіп жатқан 16-ыншы Азия ойындарында 400 метрлік қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесті. Ал біздің отандасымыз Марина Масленко үшінші болды.
Осы күні грек-рим күресінің өкілдері де қуанышқа кенелтті: ?сет Мәмбетов құраманың қоржынына күміс алып келді, ол мәрелік жекпе-жекте ирандық балуаннан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал Алхазур Оздиев қола медаль үшін айқаста қытайлық Ма Саньиден басым түсті.
Сондай-ақ, ерлер командасы семсерлесу сайысында қола жүлдені жеңіп алды.
Медаль саны бойынша Қазақстан 10 орында тұр. Құраманың қоржынында барлығы 41 медаль, атап айтқанда 5 алтын, 13 күміс және 23 қола медаль бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2979
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.





