Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
3 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Азиаданы өткізуге арналған қосымша қаржы Қазақстан спортшылары Ванкуверде жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда ғана бөлінеді - премьер19.01.2010
    11:58
    Астана. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан спортшылары егер Ванкуверде медальдар жеңіп алған жағдайда Азиаданы өткізуге қосымша қаржы бөлуге және бір реткі сыйақылардың көлемін ұлғайтуға уәде берді. Бұл туралы ол бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

    "Сіздер Ванкуверден еліміздің құрамасын үлкен нәтижелермен әкеледі деп үміттенеміз. Егер сіздер медаль әкеле алсаңыздар, онда мен сіз айтқан ұсыныстарды қолдаймын",- деді үкімет басшысы туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовқа қаратып айтқан сөзінде.

    Бұның алдында алқа мәжілісінде министр үкімет басшысынан Қысқы Азия ойындарын өткізуге қосымша қаржы бөлуді сұраған болатын.

    "Мен сізден, ұйымдастыру комитетінің төрағасы ретінде министрлікті қолдап, ағымдағы жылдың бюджетін нақтылаған кезде 13 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлуді сұраймын", - деді министр. Оның түсіндіруінше, қажетті қаржының жалпы көлемі 28 млрд теңгені құрайды, қазір оның тек 15 млрд теңгесі ғана бөлінгелі отыр.

    Сондай-ақ, мекеме басшысы "әлем чемпионаттары мен Азия ойындарында медаль жеңіп алғаны үшін төленетін бір реттік сыйақы мөлшерін ұлғайту мәселесін қарастыруды" сұрады. "Қосымша шығындар көлемі 33,5 млн теңгені құрайды", -деп нақтылады ол.

    Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
    Просмотров: 2575

    При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
    Kazakhstan Today информационное агентство