Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
2 тамыз 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
ҚР зейнетақы жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын Еңбек министрлігі Ұлттық банкпен бірге 2014 жылдың қыркүйегінде ұсынады14.02.2014
19:42
Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын 2014 жылдың қыркүйек айында ұсынады, деп хабарлады ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Қазіргі уақытта Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жүйесін жетілдіру тұжырымдамасына қатысты жұмыс жалғасуда, ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында қарауға ұсынылады", - деді Т.Дүйсенова.

Министр мәлімдегендей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зиянды еңбек шартында жұмыспен қамтылған жұмысшылардың 5% міндетті кәсіби зейнетақы салымдары енгізілді.

"Ағымдағы жылы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады. Зейнетақы жүйесін жетілдірудің алғашқы кезеңі жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы салымдарын субсидиялау енгізілді", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтар айында бұл құқықты 93 мың әйел пайдаланды, олардың жеке зейнетақы шоттарына республикалық бюджеттен 500 млн астам теңге аударылды.
Просмотров: 5023

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Оқылғандар