Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
2 тамыз 2014
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Румынияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Николае Урекені қабылдады05.03.2013
10:19
Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Румынияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Николае Урекені қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар Румыния Премьер-министрінің Қазақстанға биылғы екінші жартыжылдыққа жоспарланған сапарының маңыздылығына тоқталды. Алдағы келіссөздердің инвестициялық жобалар бойынша өзара іс-қимылды әлдеқайда сапалы деңгейге көтеруге, шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік хатшысы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге Астананың кандидатурасына Румынияның көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1456

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Оқылғандар