МӘДЕНИЕТ
"Әлем миссі 2011" атағы Анголадан келген аруға бұйырды
17:15     13.09.2011
Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Әлем миссі 2011" атағы Анголадан келген аруға бұйырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бразилияның Сан-Паулу қаласында кезекті Әлем миссі 2011 сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. Қара нәсілді Ангола миссі - Лейла Лопес сұлулардың ішіндегі ең сұлу (қыздар тек сыртқы сұлулығына қарап іріктелген жоқ) деп танылды.

"Комсомольская Правданың" хабарлауынша, Анголаның "қара маржаны" 88 бақталасын басып озып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Бірінші вице-мисс атағына украиналық Олеся Стефанко ие болды. Бразилияның сұлуы Присцилла Макадо екінші вице-мисс атағын иеленді. Үшінші вице-мисс атағы филиппиндік Шемпси Сапсапқа бұйырса, төртінші вице-мисс Зу Лин Луо-Луо болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Көрулер: 1417
Смотрите в разделе
12:37     27.02.2013
10:53     14.12.2012
18:09     01.12.2012
17:28     19.11.2012
19:57     19.11.2012
11:02     18.09.2012
12:41     14.09.2012
Видео реклама в Интернете. Казахстанская аудитория